Ұлттық банктің 9 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445,88 теңге.
9 тамызға арналған валюта бағамы
1,445
оқылды

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 446 – 450 теңгеден сатылып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарындағы 1 доллар құны  – 446 – 450,5 теңге.

Ал Алматыда доллар бағамы 446,5 – 449,1 теңге аралығында құбылып тұр.

8 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,51 теңгеге төмендеп, 445,93 теңге болған.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,64 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,53 – 4,77 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,65 – 4,75 теңгеден сатылуда.