Президент жөндеу жұмыстарына тиісті қаражат бөлініп жатқанын айтты.
Мемлекет басшысы Екібастұздағы ЖЭО-да жүріп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты
681
оқылды

Мемлекет басшысы Екібастұздағы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Бұл жұмыс бақылауымызда болады. Бұл – өте маңызды жұмыс. Олқылықтар болса, тиісті шешімдер қабылдаймыз. Былтыр қыста болған жағдай қайталанбауы керек. Азаматтарымыз шыдамдылық, сабырлық танытып отыр. Бірақ оның да шегі бар. Сондықтан әкімдерге осындай тапсырма берілді. Тиісті қаражат бөлініп жатыр. Жоспарлардың бәрін міндетті түрде іске асыру керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Президент жұмыс сапарымен Павлодар облысына барғанын жазған едік.