MPV магнитудасы – 4.2.
Алматыдан 359 шақырым қашықтықта 4,2 магнитудалық жер сілкінісі болды
4,170
оқылды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 9 тамыз сағат 18.35-те жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 359 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасты.

Тербелістің энергетикалық санаты – 10.1.

MPV магнитудасы –4.2.

Тереңдігі – 15 шақырым.

MSK-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.