Танымал актриса, блогер Әсел Асқар анасына ерекше сыйлық жасады. Блогер 58 жастағы анасының пластикалық ота жасауына ақша берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды
2 миллион 320 000 теңге: Әсел Асқардың 58 жастағы анасы бетіне пластикалық ота жасатты
3,130
оқылды

Блогердің анасы өз жасынан әлде қайда жас көрінеді. Бұл жолы ол бет терісін тарттырды.

“Ота жастардан бір күн бұрын анам қатты қобалжып, ұйықтай алмады. Шынымды айтсам, мен де қатты алаңдадым. Бірақ анама білдірмеуге тырыстым. Анамның бет пішіні жақсы, ол әрқашан өз жасынан әлде қайда жас көрінетін. Анама қарап таңғаламын, ол қандай жағдай болмасын әр қашан өзіне қарап, күтініп жүреді. Еске салайын, анам 58 жаста. Пластикалық отаның нәтижесі оған ұнады. Отаның бағасы жеңілдікпен 2  миллион 320 000 теңгеге шықты. Ота аяқталғанша алаңдап, арасында жылап та алдым. Пластикалық ота – анама жасаған сыйлығым. Анам сондай бақытты әрі сұлу”, – деп жазды Әсел Асқар.

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында ота барысындағы сәттермен бөлісті. Кейін анасының отаға дейін жіне кейін түскен суреттерін де желіге жүктеді.