Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы «Білім» бастауыш партия ұйымы мүшелік жарнадан қай­тарылған қаражатқа мүмкіндігі шектеулі балаларға дамытушы ойындар, үлестірмелі құрал­дар алып берді.
Мүшелік жарна қаражатын мүгедек балаларға жұмсады
738
оқылды

Биыл ұйым қатары 20 адам­мен толығып отыр. Бұл туралы бас­тауыш ұйым жиналысында ай­тылды. Бастауыш ұйым төра­ға­сы Бақытгүл Абдуллинаның ай­туынша, ұйымдағы партия мү­шелері әлеуметтік бағыттағы «Ар­дагерлерді ардақтайық!», «Ба­қытты отбасы», «Кедергісіз ке­лешек» жобаларын жүзеге асы­руға атсалысып келеді. Атап айт­қанда, партиялық топтар «Ар­дагерлерді ардақтайық!» жо­басы аясында ардагерлерге кө­мек көрсетеді. Қариялардың ау­ла­сын қардан, қоқыстан тазалау сияқ­ты жұмыстар бастауыш ұйым жанындағы еріктілердің дәс­түрлі іс-шарасына айналған. Ен­ді ұстаздар күні мен қарттар кү­ніне орай жастар арасында спорт­тық шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

«Кедергісіз келешек» жобасы ая­сында партиялық топтардың ұйы­мдастыруымен үйден білім ала­тын, мүмкіндігі шектеулі ба­ла­ларға арнайы сыйлықтар жаса­ла­ды. Түрлі кейіпкерлер бейне­сін­­­дегі жастар балалардың көңі­лін көтеріп, қуаныш сыйлап жүр. Ал «Бақытты отбасы» жобасы ая­­­сында түрлі отбасылық шара­лар ұйымдастырылады. Мақсат – от­басы құндылығын нығайту, әрбір баланың толыққанды отбасында өмір сүру деңгейін арттыру.

«БІЛІМ» бастауыш партия ұйы­­мының мүшелері әрбір ша­раның белсенді ұйымдас­ты­ру­шы­лары және қатысушылары. Үгіт насихат жұмыстарында, ауыл аймақтарын тазалау сен­бі­лік­терінде, сайлау науқаны ке­зінде, идеологиялық шара­ларда бел­сенділік танытып келеді. Пар­тия мүшелері сайлауалды нау­қандарда волонтерлік бағытта жұмыстарды жандандырды», – деді Бақытгүл Абдуллина.

Жиынға аудандық филиал­дың атқарушы хатшысы Бисен­ға­ли Акзамов, аудандық мәсли­хат төрағасы Көлкебаев Талғат, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ордабаев Мұхамбетдин, журналистер және партия мү­шелері қатысты. Бастауыш ұйым­ның жаңа төрағасы болып Мәр­төк жалпы білім беретін орта мек­тебінің директоры Әсет Еса­лин сайланды. Ол бастауыш ұйым атынан аумақтық конфе­рен­цияға қатысатын болды.