Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Жаңбыр, жел, қатты ыстық: 10 тамызға арналған ауа райы болжамы
2,070
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Оңтүстік циклонмен атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл соғады.

ҚР батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа рыйы күтіледі. Республика бойынша екпінді жел күтіледі. Батыста түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 35-42°С қатты ыстық сақталады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақаталады.

Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Жетісу, Абай облыстарында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтобе облысының орталығында, оңтүстігінде, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.