Қазір аталған лагерьде 400 бала демалып жатыр.
Алматы облысындағы тағы бір лагерьде заңбұзушылықтар анықталды
1,754
оқылды

Алматы облыстық прокуратура мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлері Жамбыл ауданындағы Тay-land жазғы сауықтыру лагерінде жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде, бірқатар заңбұзушылық анықталды.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Жамбыл ауданында орналасқан Тау-land жазғы сауықтыру лагері - жекеменшік.

«Прокуратура мен СЭС қызметкерлерінің жоспардан тыс тексеруі барысында балаларды орналастыру және дезинфекциялық режимнің бұзылуы анықталды. Демалыс орнының ғимараттары, асхана және басқа да қосалқы ғимараттар күрделі жөндеуді қажет етеді. Тексеру нәтижелері бойынша материалдар шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберілді», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.