Сенатор Палата қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті.
Сенатор Сағындық Лұқпанов Атырау облысында болды
723
оқылды


ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сағындық Лұқпанов Атырау облысында болды. Онда жергілікті тұрғындармен, облыстық және қалалық мәслихаттардың, аумақтық полиция департаменттерінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдерімен және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.  

Кездесуге қатысушылар денсаулық сақтау жүйесі, жол, экология, өңірді ауызсумен қамтамасыз ету және ЕАЭО елдерінен сатып алынған шетелдік нөмірі бар автомобильдерді заңдастыру мәселелерін талқылады.

Сенатор Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауында 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ҚР-ға әкелінген және ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автомобильдерді біржолғы заңдастыруды тапсырғанын атап өтті. 

Депутат сонымен қатар Палата қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті және өткен сессия барысында қабылданған заңдардағы негізгі жаңалықтарды кездесу қатысушыларына жан-жақты түсіндіріп берді.