Оларға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Талдықорғанда 162 миллион теңге жымқырған 3 ЖШС басшысы сотталды
1,358
оқылды

«ПИК» қызметін автоматтандыруды бағдарламалық қамтамасыз етуде алдау жолымен ұрлық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Тергеп-тексеруді облыстық ҰҚКД мен ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізді. Анықталғандай, үш ЖШС «Талдықорған қаласының ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 162 млн теңге сомасына «ПИК» қызметін автоматтандыруды бағдарламалық қамтамасыз ету қызметін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан.

Бағдарлама басқару органдарының (ПИК) қызметін автоматтандыруға, басқарушы компаниялардың қызметін және қаланың тұрғын үй қорының жай-күйін бақылау бойынша әкімдіктің міндеттерін шешуге, сондай-ақ тұрғын үй қатынастарына қатысушылардың өзара іс-қимылына арналған.

Олар жұмыс істемейтін бағдарламалық өнімді жеткізіп, коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерін алдау және олардың сенімін теріс пайдалану арқылы қылмыстық құқықбұзушылық жасаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келтірілген 162 млн теңге залал сомасы толық өтелді.

Сот үкімімен үш ЖШС басшысы кінәлі деп танылды, оларға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру мен орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу түріндегі жаза тағайындалды.