Бұл туралы олардың адвокаты Мейіржан Шекеев мәлімдеді.
Оңтүстік Кореяға заңсыз кіріп, әуежайдан қашқан қазақстандықтарға қатысты сот үкімі шықты
1,595
оқылды

Оңтүстік Кореяға заңсыз кіріп, әуежайдан қашқан екі қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты. Олар айыппұл төлеп, елге қайтады.

«Бұл - Қазақстанның халықаралық тағы бір беделді жеңісі. Енді Кореядағы екі жігіт 3 жылға түрмеге тоғытталмай, айыппұл төлеп, елге қайтатын болды. Айтар, жазар нәрселер өте көп. Бірақ әлі бітіретін шаруалар жетіп жатыр. Алла қаласа амандықта жүздесейік», - деп жазды қорғаушы Instagram желісінде.

Наурыз айының соңында екі қазақстандық Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан, онда заңсыз кірген болатын. Артынша олардың Кореядағы тергеу изоляторында отырғаны белгілі болды.