Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким Қазақстанда жануарларға арналған салықтың енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
Мысықтар мен иттердің иесіне салық салынуы мүмкін
942
оқылды

Журналистер брифинг барысында "Германияда иттердің иесіне арналған салық бар. Қазақстанда чип қою салық салу үшін жасалып жатқан жоқ па?" деген сауал қойған. 

Комитет төрағасының орынбасары мұны жоққа шығармады. 

"Мұнда қарсы сұрақ қоюға болады. Көп елдерде жануарлардың иесіне қатаң талаптар қойылған. Мәселен, итті панажайдан алса, күтім жасау үшін тиісті жағдай жасау керек. Жануарға ойыншық ретінде емес, тірі жан ретінде қарайды. Бұл шара қабылдануы мүмкін, сондықтан бұған келгенде салық енгізіледі", – деді Андрей Ким.