Жазира Байырбекова ұзату тойына қатысты ақылын айтты

Танымал әнші Жазира Байырбекова ұзату тойға қатысты пікірін білдірді. Әнші қазір ұялатын заман емес екенін жазады.

Әнші бірнеше кеңесін ұсынған.

"Қыз ұзатуда:

1) Иығына қызыл орамал тақпай-ақ қойыңыздаршы;

2) Ұзатылар алдындағы қызға батаны сәукелені кигізіп болған соң берсінші;

3) Құрбыларына тарататын үкіні тойдың ортасынан сәл асқанда таратсыншы аяғына қалдырмай;

4) Ақ жолдың үстімен кетіп бара жатқанда тек туған ата-анасы мен туған бауырлары ғана құшақтап сүйсінші;

5) Ұзатылар алдында құдаларды сыртқа шығарып жіберетіндер бар. Шығармаңыздар. Олар да ұзату рәсімін көріп қыз бен жігітпен бірге шықсын;

6) "Бақытты боламын деп барма,сол әулетті бақытты етемін деп бар" деп слишком ауыр жүк артып тілек айтпаңыздаршы;

Қыз бақытты болса әулет те бақытты болады ғой.

7) Ұзату тойын жағдайыңыз жетсе жасаңыз. Жетпесе, қиналып кредитке кірмеңіз. Ұялатын заман емес. Тойсыз-ақ бақытты отбасы болып жүргендер көп...

Ойыма ой қоссаңыздар болады!" – деп жазды әнші.  

Оқырмандар "Тағы бір мәселе, күйеу жігіт қайынжұрттың көзінше қалыңдықты көтеріп кетпесін. Өте әдепсіз қылық, елден ұят болады" деп ұзату тойындағы ерсі әрекеттерге қатысты пікірлерін, ұсыныстарын білдірді.