Талдықорғанда белгілі журналист, азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова ұсталды. Ол Қаңтар оқиғасы кезінде Назарбаевтың құлаған ескерткішін фотоға түсірген болатын.
Назарбаевтың құлаған ескерткішін фотоға түсірген журналист ұсталды
1,513
оқылды

Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 11 тамызда Талдықорғанда журналист Сандуғаш Дүйсенова ҚР Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша ұсталды.

«Бұл бапта жеке өмір туралы ақпаратты, соның ішінде жеке немесе отбасылық құпияны көпшілік алдында сөйлеуде, жұмыста, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілері арқылы таратқаны үшін жауапкершілік қарастырады», – деп хабарлады ведомстводан.

Журналист қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Ол мойындау туралы куәлік беріп, процесуалдық іс-шаралар өткізілгеннен кейін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шықты.

Қазіргі таңда тергеу Облыстық полиция департаментінің бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Фото: internews.kz