Қызылорда облысындағы жол апатынан екі адам қаза тауып, бес адам жараланды.
Қызылордада жол апатынан екі адам қаза тауып, бес адам жараланды
723
оқылды

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 12 тамыз күні түнгі сағат 03.00  шамасында Қызылорда-Жалағаш тасжолында Жалағаш ауданы Ақсу ауылының тұсында  Toyota автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай, жол апаты болды.

"Жол апаты салдарынан 2 жолаушы көз жұмып, жүргізушімен қоса қалған бес адам түрлі жарақат алды.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен​ сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп жазды ведомстводан.