Миллиардерлер Илон Маск пен Марк Цукерберг арасындағы жекпе-жектің қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Илон Маск пен Марк Цукерберг арасындағы айқас қалай өтеді
1,039
оқылды

Бұл жайында X әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск өз парақшасында мәлімет таратты.

Оның айтуынша, аталмыш айқасты өзінің және Цукербергтің қоры ұйымдастырады.

Осылайша Маск мұның алдындағы «жекпе-жек UFC алаңында өтеді» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Тікелей эфир X платформасында (бұрынғы Twitter желісінде-ред.) және Цукербергке тиесілі Meta-да көрсетіледі.

«Камераға түсетін бүкіл көрініс ежелгі Рим стилінде болады, демек заманауи ештеңе күтпеңдер. Мен Италияның премьер-министрімен және мәдениет министрімен сөйлестім. Олар шараны эпикалық орында өткізуге келісті»,-деп жазды Илон Маск парақшасында.

Миллиардердің сөзіне қарағанда, түскен қаражат түгел ардагерлерге аударылады.

Еске салайық, бұған дейін Илон Маск Марк Цукербергке қарсы жекпе-жекке қызу дайындық жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.

Қос миллиардердің октагонда жұдырықтасу идеясы 20 маусымда туған.

Италия үкіметі айқасты Рим Колизейінде ұйымдастыру үшін Марк Цукербергпен байланысқа шыққан.

Жекпе-жек 26 тамызда өтуі мүмкін.

Фото: forbes.ru