Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша, көліктің бірін кәмелетке толмаған адам айдаған.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Сарыөзек-Жаркент тасжолының 323-шақырымында Mercedes Benz пен Mazda Cronos автокөліктері соқтығысты.

Алдын ала болжам бойынша, көліктердің бірін кәмелетке толмаған жігіт айдаған.

Оқиға орнында екі адам қайтыс болды, сондай-ақ ауруханаға бес адам жеткізілді.

Полиция көлік жүргізушілеріне жолда жүру ережелерін сақтауды қатаң ескертті.