Төреғали жүргізуші куәлігін жоқтап, өлең шығарды

Белгілі әнші, эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі бостандыққа шыққаннан кейін алғаш рет әлеуметтік желідегі парақшасына жазба жариялады.

Оның жазбасы өлең шумағымен өрілген:

«Ер жігіттің жарамас жылағаны,

Ештеңе етпес сүрініп, құлағаны.

«Орнында бар оңалар», бәрін қойшы

Праваны айтсайшы, праваны!», - делінген әншінің парақшасында.

Желі қолданушылары Төреғалидың жазбасына әртүрлі пікір қалдырған.

«Праваны қойшы, ата-ананың ауырған жүрегі мен абыройды айт. Балалар ес білгенде», «Ондай анда-санда боп тұрады, Төрешті бәрібір кешіргің кеп тұрады», «Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді. Ең бастысы аман бол. Кәусардай алтының бар. Тоғжандай асылың бар. Толқындай жақұтың бар. Тілеулес қазағың бар», «Ақ Төреш, бауырым, амансың ба? Хэйтірлерге онсызда жамансың да. Қандай жағдай болмасын уайымдама, Әрқашан қолдар қазақ бар қасыңда» деп жазды олар.