Алматы тауларында сел қаупі жоғары деп жарияланды. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпау керектігін ескертті.
Ескерту: Алматы тауларында сел жүреді
1,389
оқылды

«Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Су тасқынында қалып қойсаңыздар, құтқаруға мүмкіндік болмауы мүмкін. Осыған орай Іле Алатауына бармағаныңыз жөн», - деп ескертті департамент өкілдері.

Сел қаупі бар жерде не істеу керек:

таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру;

егер қауіп төнсе, немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіз;

сел қаупі бар каналдардың жанында, көпірлерде (бөгеттерде) және олардың астында шатыр тікпеу, аялдамау.

«Қазгидромет» таратқан ескерту негізінде Алматының таулы аудандарында және оның іргелес аумақтарында жауын-шашынның жалғасуына байланысты 12-13 тамыз күндері өзендердегі су деңгейі көтеріледі. Кіші Алматы өзендері алабында сел жүруі мүмкін», - деп хабарлады ведомстводан.