ІІМ Шымкенттегі гүл дүкеніндегі жағдайдан кейін Полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты тергеуді бастады.
Екі қылмыстық іс: гүл дүкеніндегі жағдайға байланысты тергеу басталды
778
оқылды

Өзіндік қауіпсіздік департаменті бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің Romantic гүл салоны мен Eldorado ресто-барының жұмысшыларына қатысты жасаған заңсыз әрекеттеріне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында таралған мәліметтерді тексерді.

Бековке қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы  2-бөлігі ("Тонау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Шымкент Полиция департаменті қызметкерлері  іс-әрекеттерінің заңдылығын ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы  1-бөлігі ("Салғырттық") бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексереді. Ведомство екі қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз етеді", – деп жазды Ішкі істер министрлігінен.