Астанаға жұмыс істеуге кеткен Үштөбе қаласының тұрғыны із-түзсіз жоғалған. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында хабарлады.
Бір жылдан бері табылмай жатыр: Астанаға жұмыс істеуге барып, жоғалып кеткен
891
оқылды

Жоғалған адам - 1984 жылы туған Евтушенко Сергей Валерьевич. Ер адам елордаға 2022 жылдың сәуір айының басында кеткен. Одан кейін оның қайда кеткені белгісіз.

Белгілері: бойы 165-170 сантиметр, дене бітімі арық, шашы ашық қоңыр, көзі қара-жасыл, екі аяғында екінші және үшінші башпайы біріккен.