Астанада құрылысшы 16-қабаттан құлап кетті

Елордада 16-қабаттан құлаған құрылысшы мерт болды.

«Осы жылдың 12 тамызында Астана қалалық Полиция департаменті Алматы аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қүрылыс нысанында 16-қабаттан адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Құрылыс жұмыстары барысында жұмысшының желдету шахтасына құлағаны анықталды. Ол алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды», - деп атап өтті қалалық Полиция департаментінен. 

Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша еліміздің Қылмыстық кодексінің 277-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.