1 тамызда соттың санкциясымен соталды тергеп-тексеру аясында азамат Д.-ға жеке тінту жүргізілгені хабарланды.
Журналист Сандуғаш Дүйсенова полицияда жалаңаш видеоға түсірілгенін мәлімдеді: Полиция жауап берді
944
оқылды

Жетісу облысы Полиция департаменті журналист Сандуғаш Дүйсенованың полицейлердің жалаңаш суретке түсіргені туралы мәлімдемесіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"БАҚ-та және әлеуметтік желілерде азаматша Д. ұстау кезінде полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер жасалғаны туралы ақпарат тарап жатыр. 11 тамызда соттың санкциясымен соталды тергеп-тексеру аясында азамат Д.-ға жеке тінту жүргізілгенін хабарлаймыз". 

Жеке тінту рәсімі тергеуші, криминалист және екі куәгердің қатысуымен (барлығы тiнтілген адаммен бір жынысты) Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылды. Осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды (бейнекамера) қолдану міндетті және ҚПК-мен реттеледі" делінген Жетісу полициясы таратқан хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде блогер әрі журналист Сандуғаш Дүйсенованың полиция бөлімінде жалаңаш күйде видеоға түсірілгені туралы ақпарат тараған болатын.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин