«Ауыл аманаты» жобасы халықтың табысын арттыруға бағытталған.
«Ауыл аманаты» жобасы талқыланды
688
оқылды

Катонқарағай ауданында «Ауыл аманаты» жобасы аясында  ауылдық округ әкімдері мен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

«Ауыл аманаты» жобасы халықтың табысын арттыруға бағытталған.

«Жобаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу», - дейді «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның бизнес жобалар және инвестициялар бөлімінің бастығы Аслан Смағұлов.

Кездесу барысында ауылдықтарға жобаның шарттары мен қажетті құжаттар егжей-тегжейлі түсіндіріліп, бөлінген қаражатты тиімді игеру қажеттігі айтылды.

«Ауыл аманаты» жобасы байланысты қандай да бір сұрақтар туындап жатса, әр ауылда ауылдық округ әкімдеріне немесе «AMANAT» партиясының аудандық филиалына хабарласуларыңызға болады», - дейді «AMANAT» партиясының Катонқарағай ауданы филиалының төрағасы Жанар Сыдықова.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша микрокредит мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін. Ал ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК немесе 8,6 млн теңге. Зәкірлік кооперацияны дамыту үшін 8 мың АЕК немесе 27,6 млн теңгеге дейін. Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды.