Жезқазғанда 15 тамызда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді
15 тамызда синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады
1,364
оқылды

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Атырауда 15 тамызда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с-ке жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады. 15 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

15 тамызда күндіз Ұлытау облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жезқазғанда 15 тамызда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

15 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 15 тамызда облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда 15 тамызда күндіз найзағай ойнайды.

15 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады. 15 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбеде 15 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болады. 15 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

15 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық болады. 15 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Оралда 15 тамызда күндіз найзағай ойнайды. 15 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

15 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының тауларында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-ке жетеді.

15-17 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістанда 15-17 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

15 тамызда Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 15 тамызда облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

15 тамызда түнде Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді. 15 тамызда облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

15 тамызда күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді.

15 тамызда Маңғыстау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 15 тамызда облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Петропавлда 15 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

15 тамызда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

15 тамызда күндіз Костанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 15 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.