Балқаш көлінің жағажайында алғаш рет екі күн бойы Қа­ра­ған­ды облысының мәдениет, мұ­ра­ғаттар және құжаттама бас­қар­ма­сы ұйымдастыруымен «Бал­қаш Tourfest – 2023» ау­қым­ды фестивалі өтті.
Фестиваль меймандарды шаттыққа бөледі
894
оқылды

Шығармашылық, спорт және ойын-сауық бағы­тын­дағы бұл іс-шарасына 10 мың­нан астам адам қа­тысты.

– Біздің басты мақсатымыз – қы­зық­ты шара ұйымдастырып қана қой­­май, өңіріміздің туризмін дамы­ту­ға маңызды үлес қосу. Біз «Балқаш» атауының өзіндік брендке, қайта­лан­бас табиғи сұлулық пен таңғажайып мә­­дени жаңалықтардың символына ай­­налғанын қалаймыз. Біздің фес­ти­валь – бұл Балқаш пен Алакөл бас­сей­нінің экологиясының маңызды мә­­селелерін көтеру мүмкіндігі. Қо­нақ­­тар ға­на емес, жергілікті тұрғындар да қор­шаған табиғатты мұқият қор­ғау­ды қа­жет ететін құнды ресурс ре­тін­­де қа­былдауын қалыптастыруға ты­рысамыз, – дейді Балқаш қаласы әкі­­мінің көмекшісі Жәнібек Сұлта­на­лиев. 

Йога және зумба инструк­тор­лары­ның сабақтары фестивальдің маңыз­­ды бөлігі болды.

Барлық ниет білдірушілер 400 метр­ге жүзу, жағажай волейболы, арм­рестлинг және гір көтеру бойынша күштерін сынады.

Фестивальге облыс аумағындағы «Жасыл ел» жауынгерлері жиналды. Жас балалар жағажай аумағын таза­лау­ға қатысты, сондай-ақ олар үшін ар­найы байқау мен викторина, спорт­тық жарыстар ұйымдастырылды.

Мерекеге Қарағанды, Екібастұз, Астана қалаларынан келген вокалис­тер, музыкалық топтар мен хореогра­фия­лық ансамбльдер әннен шашу шаш­ты.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы