Гүлжан Нақыпова – көпшілікке спорт­шы ретінде танымал. Әлемнің екі дүркін чемпионы болған ару бүгінде Испанияның Бар­селона қаласында тұрады.
Үшінші рет әлем чемпионы болғым келеді – Гүлжан Нақыпова
1,985
оқылды

Сонымен қа­тар ол төрт тілді еркін меңгерген по­лиг­­лот қана емес,  білім саласымен ай­на­лысып жүрген кәсіпкер. Жырақта жүр­ген қандасымызбен спорттағы жос­па­ры мен қазіргі өмірі туралы сұхбат құр­ған едік.

– Гүлжан, алдымен спортқа қалай келгеніңді біле отырсақ...

– Мен Қызылорда қаласында өмір­ге келдім. Балалық шағым өте ба­қытты, қызықты өтті. Әкем мен анам сабағыма, жақсы білім алуыма қатты көңіл бөлді. Зерек болғасын шы­ғар, фортепиано, би және спорт­пен кішкентайымнан айналыстым. Бойымдағы энергиям тасып жүретін мені ата-анам спортқа 6 жасымнан бер­ді. Өзім бәсекелестікті өте ұна­та­мын. Сондықтан болар осындай жек­пе-жек спорт түрлері маған өте жа­қын. 2017 жылдан бастап джиу-джи­тсу бойынша ҚР Ұлттық құ­ра­ма­сының құрамында Қазақстанды әлем­дік аренада көрсете бастадым. Құ­дайға шүкір, екі рет әлем чем­пио­ны болдым.

 – Жастайыңыздан білімге құш­тар болған екенсіз. Қандай мамандық бойынша білім алдыңыз?

– Мектепті бітірісімен Алма­ты­дағы Қазақ-Америка университе­ті­нің «Халықаралық қатынастар» ма­­­­мандығына оқуға түстім. Оқи жүріп «Sony» корпорациясында жұм­ыс істедім. Кішкентайымнан те­ледидардан Испанияның фильм­дерін көруді ұнаттым. Әрі сонда тұра­мын деп алдыма мақсат қой­дым. Осы оймен Барселонаға оқуға аттандым. Онда бизнес және туризм са­ласындағы магистр дәрежесін ал­дым. Ол елде университетпен әріп­тес­тік орнататын агенттік тауып, ис­пан тілін меңгере бастадым. 

– Неліктен Испанияны таңда­дыңыз? Еуропаның өзге де мемл­е­кеттері бар емес пе?

– Мұнда алғашқы жылдары ке­ре­меттей сезімде жүрдім. Бұл елге келуіме Алматыдағы қарбалас тірлік се­беп болған шығар. Алматыда са­бақ­тан соң жұмысқа барып, жұмыс­тан соң құрбымыз екеуіміз өзіміз аш­қан «Хозяюшки» дүкеніне соға­мыз. Әрине, онда да өмір қайнап жа­татын. Бірақ күн сайын қайталана беретін бірсарынды тірліктен шар­шағанымды сездім. Ақыры, дүкенді құр­быма тапсырып, өзім оқу аяқ­таған соң Испанияға аттандым. Мың­нан бірдің ғана қолы жететін Sony корпорациясымен де келі­сім­шартты үздім. Менің бұл қылы­ғы­ма қарап бас шайқағандар көп бол­ды. Бірақ мен арманымды алда­ғым келмеді. Испанияның маған өмір сал­ты ұнайды. Мұнда Барсе­ло­нада ме­нің 15 туысым бар. Олар – Қы­зы­лор­да, Алматы, Астана, Се­мей, Өс­кемен және Павлодардың қа­­­зақ­тары. 

– Ал жеке кәсібіңізді қалай бас­та­­дыңыз?

– Барселонада алғашқы жылы-ақ туризмді дамыту мәселелерімен ай­налысатын компанияда тәжі­ри­беден өттім. Маған ол жұмыс өте ұна­ды. Мен жұмыс істеген топ Хор­ва­тия туризмін зерттейтін. Штат­та­ғы қызметкер орындайтын барлық тех­никалық жұмысты бітіріп бердім. Тұрақты жұмысқа қабылдануыма толық мүмкіндік берді. Бірақ менің көз­дегенім өз жеке ісімді ашу бо­ла­тын. Көп ұзамай, бизнес жоспар құ­рып, бар күшімді соны іске асыру­ға жұмсадым. Мен онда өзге ел­ден Еуропа мен Канадаға оқуға түсу­шілермен жұмыс істедім. Бас­тап­қыда әлеуметтік желі арқылы клиенттеріммен онлайн кездесулер өт­кізіп жүрдім. Осылайша, Education Best атты компаниям уақыт өте келе таныла бастады. Оған сұраныс та арта бастайды. Бұл компания шет­елде оқуды ғана емес, сонымен қа­тар халықаралық іс-тәжірибеден өту­ге де көмектеседі.

– Алдағы уақытта қандай жоспар­ларыңыз бар?

– Қазір екі кішкентай балам бар. Бо­санғаннан кейінгі қалпыма кел­ген соң, джиу-джитсуға қайтып ора­­­­ламын деп жоспарлап отырмын. Study Prof компаниямды әрмен қа­рай дамытуым керек. Сонымен қа­тар балаларымды да спортқа бейім қылып өсірсем деп отырмын. Сон­дай-ақ үшінші рет әлем чем­пио­­ны болғым келеді.

Сұхбаттасқан 

Наурызбек САРША