Доллар қымбаттады: 15 тамызға арналған валюта бағамы

14 тамыздағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 2,63 теңгеге қымбаттап, 448,63 теңге болды.

Ұлттық банктің 15 тамыздағы ресми бағамы бойынша 1 доллар - 448,55 теңге, ал рубль бағасы  – 4,42 теңге.

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448-452 теңгеден сатылып жатыр. 

Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар - 448–452 теңге. Ал Алматыда доллар 448,9–451,7 теңге аралығында құбылып тұр.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 4,4–4,7 теңге аралығында, Астанада 4,4-4,55 теңге аралығында сатылып жатыр.