Жарылысқа не себеп болғаны анықталып жатыр.
Махачкалада жанармай құю бекетінде болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 27-ге жетті
768
оқылды

Махачкаладағы жанармай құю бекетінде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 27 адамға жетті, – деп хабарлады ТАСС ақпараттық агенттігі.

Үйінділерді ашу, зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнына кинологтар да тартылған.

«Жарылыс салдарынан барлығы 102 адам зардап шекті. Өкінішке орай, 27 адам қаза тапты», – делінген Ресейдің ТЖД таратқан ақпаратта.

Дағыстан басшысы Сергей Меликовтың сөзінше, қаза тапқандар арасында үш бала бар.

«Құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр, оның қорытындысы бойынша әділдік орнап, дағыстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің барлығы жасалады», – деді Меликов.

Дағыстанда 15 тамыз аза тұту күні болып жарияланды.

Бұдан бұрын Махачкаладағы жарылыс болып, салдарынан 12 адам қаза тапқаны жайлы жазған едік.

 

Фото: EADaily