Қазақстанда 2-6 жас аралығындағы балалардың 89,1 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.
Елімізде балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы құрылмақ
998
оқылды

Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлуде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін балабақшаға кезекке қоюдың бірыңғай деректер базасы жасалады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Отбасылардың өмірлік түрлі жағдайларына байланысты ата-аналардың мектепке дейінгі ұйымды таңдауының жаңа жолдары қарастырылып жатыр. Балаларға тең жағдай жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз етудегі тағы бір маңызды мәселе – халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларын тегін тамақтандыру болып табылады», - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардан шыққан 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтылады.

Фото: BaigeNews.kz