Қазір бала ауыр халде облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Атырауда алты жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
917
оқылды
Атырауда алты жасар қыз көпқабатты үйдің жоғарғы қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кетті, – деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, алты жасар қыз ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға 13 тамыз күні таңғы сағат 10 шамасында Привокзальный шағын ауданындағы бес қабатты үйде болған.

"Ол ересектердің қарауынсыз қалды. Қазір бала ауыр халде облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға орнына төрт құтқарушы барды", – Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.