Әкімшілік кодекс бойынша оларға алғашында 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Заңдастырылмаған көлік жүргізушілері әкімшілік жауапқа тартылады
646
оқылды

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Қазақстанда мүлдем заңдастырылмаған 1,7 мың көлік айып тұрағына жіберілгенін айтты.

 

«2023 жылдың 1 шілдесіне дейін келіп түскен барлық өтінімдерді қарастырамыз. Әзірге 15 мыңға жуық көлікті уақытша тіркеуге алдық. Өтінім беріп үлгермегендерді де қарастырамыз және әрі қарай тіркейміз», – деді Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар спикер 2023 жылдан кейін әкелінген және сақтандыру мерзімі біткен, еш тіркеусіз көлік мініп жүргендердің бұл көлікті басқаруға құқығы жоқ екенін айтты.

«Әкімшілік кодекс бойынша оларға алғашында 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Екінші рет – әкімшілік хаттама жасалып, көлік айып тұрағына қойылады. Қазіргі уақытта сақтандырусыз, сақтандыру полисінсіз, техникалық байқаусыз жүрген 2 мыңнан астам көлік иелерін анықтадық және олар әкімшілік жауапқа тартылды. Қазір 1,7 мыңға жуық көлік айып тұрағына қойылды», – деп түйіндеді Қайсар Сұлтанбаев.