Халықтың осал тобынан шыққан балалар тегін тамақтанатын болды.
Қыркүйектен бастап балалар балабақшада тегін тамақтанады
4,729
оқылды

Елорданың коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев балабақшалардағы тамақтану жайлы айтты.

 

Биыл балабақшалардың жанынан 500 орынға тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарынан қосымша орындар ашу жоспарланып отыр.

«2023 жылғы 17 тамыздан бастап Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының топтарын жаңа 2023-2024 оқу жылына жасақтау аяқталады. Порталда 22 190 жолдама берілді, оның ішінде 13 157 жолдаманы мемлекеттік балабақшаға баратын балалар алған. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында биыл қыркүйек айынан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз етілетін болады», – деп атап өтті Қасымхан Сенғазыев.

Фото: lk.uplati.ru