Лауазымды қызметінен облыстық департамент басшысы, шекара басқармасының басшысы, застава басшысы пен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары босатылған.
Жамбыл облысында сарбаз Бекбол Мираштың өліміне қатысты 5 әскери қызметкер жұмыстан шығарылды
1,035
оқылды

Жамбыл облысында "Шөлдала" шекара заставасындағы сарбаз өлімінен кейін 5 әскери қызметкер жұмыстан қуылды.

ҰҚК Шекара қызметі тәрбие, идеологиялық және кадр жұмысы департаменті төрағасының орынбасары – кадр басқармасының басшысы полковник Ерік Беріков жұмыстан шығарылған қызметкерлер жайлы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.

"Лауазымды қызметінен облыстық департамент басшысы, шекара басқармасының басшысы, застава басшысы мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары босатылды", – деді ол. 

Еске салайық, Жамбыл облысында борышын өтеп жүрген Бекбол Мираштың мәйіті 2022 жылдың тамызында табылған еді. Бастапқыда тергеу суицид жасаудың себебі ретінде сексуалды зорлықты қарастырған. Ал 2023 жылдың қаңтарында күдіктінің адвокаты Сержан Пралиев биологиялық сараптаманың қорытындысы туралы айтты.