Киімдер өте ашық түсті болмауы тиіс.
Елімізде оқушылардың міндетті мектеп формасына бірқатар өзгеріс енгізілді
3,581
оқылды

Енді оқушыларға поло жейде, тенниска, водолазка, тоқыма жемпір мен кардиган киюге рұқсат етіледі. Ал галстук тағу міндетті емес.

Мектеп формалары күнделікті, мерекелік шараларға арналған және спорттық болып үшке бөлінеді. Ал ер балаларға сабаққа пиджак, жилет, жейде және түймелері бар жемпір, шалбар киюге болады. Қыста тоқыма жилет пен водолазкаға рұқсат беріледі. Сондай-ақ қыздарға да пиджак, жилет, шалбар, юбка, тоқыма жейде мен кардиган киюге рұқсат. Ал салқын күндері мектепке водолазка, сарафан киіп бара алады.

Ескере кететін жайт, мектеп формалары классикалық үлгіде болуы керек. Әрі киімдер өте ашық түсті болмауы тиіс. Спорттық киімдер қатарына спорттық костюм, шалбар, футболка және кроссовкалар кіреді.

Фото: Zakon.kz