Ол курьер ретінде екі айға жуық жұмыс істеген.
Маңғыстау облысында аса ірі көлемде есірткі сатқан курьер ұсталды
1,482
оқылды

Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының ЖЭО-2 аумағындағы өнеркәсіптік аймақта 22 жастағы алматылық азаматты ұстады.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жiгіт туристік аймаққа «жылдамдық» синтетикалық препаратын аса ірі мөлшерде сату мақсатында келген. Ол жалдамалы пәтерде тұрған. Жеке тінту жүргізу барысында ұсталған адамнан ішінде «альфа-PvP» («жылдамдық») синтетикалық есірткі заты бар үлкен қара орама тәркіленді. Оның жалпы салмағы  788 грамм.

Ұсталған жігіттің айтуынша, ол курьер ретінде екі айға жуық жұмыс істеген. Ал Ақтауға ірі партиялармен синтетикалық есірткі сату үшін келген. Ол синтетикалық есірткіні Telegram мессенджеріндегі sms арқылы куратордың нұсқауы бойынша алған.

ҚР ҚК-нің 297-бабы  3-бөлігі («Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу және сақтау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ақтау қаласының соты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады. Қылмыстық іс бойынша одан әрі жедел іс-шаралар мен тергеу әрекеттері жүргізілетін болады.