Майор Нұрзат Есмаханбетовтың еңбегін әскерилер жоғары бағалады

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінде тәжік-ауған шекарасындағы қарулы қақтығыстарға қатысушы ардагер жауынгер, көп жылдан бері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында қызмет етіп келген майор Нұрзат Есмаханбетовты әскери қызметтен зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі болып өтті.

Бөлім командирі подполковник Ж.С. Абеков жеке құрам алдында шектеулі зейнеткерлік жасқа жеткен әскери шенді Нұрзат Қуанышұлының атқарған қызметіне жоғары баға беріп, алдағы күндеріне зор табыстар тіледі. 

Келесі кезекте мінберге көтерілген Приозерск гарнизонындағы Қарулы Күштер ардагерлер ұжымының төрағасы Т.А. Кенжебеков жеке құрамға әскери-патриоттық тәрбие беру ісіндегі асқан белсенділік танытқан Н.Қ. Есмаханбетовтың қызметіне шексіз ризашылығын білдіріп, Қарулы Күштер ардагерлері атынан арнайы дайындалған Құттықтау хатты оқып шықты.

Салтанатты іс-шара соңынан майор Н.Қ. Есмаханбетов Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздармен бірге естелік фотосуретке түсті.

Приозерск ганизонының баспасөз хатшысы лейтенант Думан Жұмашұлы