Судья сотталушыдан бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін пара алған.
Тараздық судья жеңіл жаза тағайындағаны үшін 2 млн теңге пара алған
1,222
оқылды

Антикоррупциялық қызмет Қазақстан Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жүргізген жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 млн теңге сомасында пара алғанын анықтады.

Антикордың хабарлауынша, судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінген.

Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді.

«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», – делінген хабарламада.

 

Фото: Holanews