Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі бар
19 тамызда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
3,430
оқылды

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады

19 тамызда Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 19 тамызда Жетісу облысының батысында жоғарғы өрт қаупі бар.

19 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық болады. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

19-21 тамызда Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі бар.

19-21 тамызда Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі бар.

19 тамызда күндіз Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық болады. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

19 тамызда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 19-20 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

19-21 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

19 тамызда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.

19 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 37 градус қатты ыстық болады. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

19 тамызда Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

19-21 тамызда Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Алматы және Қонаев қалаларында 19-21 тамызда жоғары өрт қаупі бар.

19 тамызда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 19 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі бар.

19 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

19-21 тамызда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. 19-21 тамызда төтенше өрт қаупі бар.