Шіркеулерге шабуыл Швецияда Құранды өреу әрекеттері орын алған соң басталған
Пәкістанда шіркеуге шабуылдаған 100-ден астам адам тұтқындалды
734
оқылды

Пенджап провинциясының биілігі шіркеуге от қойған 100-ден астам адамды тұтқындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия (NCHR) мәліметтері бойынша, сәрсенбіден бері 17 шіркеуге вандализм актісі жасалған. Шіркеулерге шабуыл Швецияда Құранды өреу әрекеттері орын алған соң басталған.

«Джаранваледе 17 шіркеуге шабуыл жасалды. Олардың 12-сі тіркелген, 5-уі тіркелмеген шіркеулер»,-деп хабарлады Адам құқықтары жөніндегі комиссия өкілдері.

5 мың адамнан құрылған тобыр Джаранваледегі шіркеуді қоршап алып, шабуылдамақ болды. Алайда оларды полиция тоқтатты.

Вандализм әрекеті бойынша тергеу басталды.