Ол телефонды жеткізбей, байланыссыз қашып кеткен
Алматыда курьер 100 мың теңгелік телефонды алып, жоғалып кеткен
1,393
оқылды

Алматы полициясы клиенттің тапсырысын алып, белгіленген орынға жеткізбей жоғалып кеткен курьерді ұстады.

"Сәлемдемені тапсырыс орнына жеткізбей, жоғалып кеткен курьер ұсталды. 2002 жылы туған азамат А.-ның айтуынша, келеңсіз жағдай ұялы телефонының бұзылып қалуына байланысты болған. Курьер кеше тапсырыс берушімен хабарласып, сәлемдемені жеткізгенін айтып отыр. Объектив мән-жайды Алмалы ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.