Жуырда Сенат депутаты, хи­мия ғылымдарының докторы, профессор Алтынбек Нухұлы Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйіне барды.
Сенат депутатымен жүздесті
850
оқылды

Сенаторды музей жетек­шісі Райхан Имаханбет «Ахмет­тану» оқу орталығында қарсы алып, қонақтарға кәдесый жасап, ілтипатын білдірді.

Музей-үйдің сайтында жария­ланған хабарландырудан құлақтанған көпшілік Сенат депутатымен жүздесу үшін арнайы келді. Атап айтар болсақ, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбай, доцент Ұлдар Иса­бекова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Шохан Шортан­бай, тілші әрі «Ақиқат» журналы ре­дак­торының орынбасары Дина Иманбай, ҚР Ұлттық кітапхананың Сирек қор бөлімінің қызметкері Гүл­шат Әбіковалар көкейкесті сауалдарын қойып, депутатпен дидарласты. 

Сенат депутаты қонақтармен бірге Ахмет Байтұрсынұлы саябағындағы ғалымның еңселі ескерткішіне тағзым жасағаннан кейін музей-үйге оралып, музей жәдігерлерімен танысты. Қазақ ғылымына еселі еңбек сіңірген арыстар мен зиялылардың ұлықталуы туралы әңгімелесті. 

Алтынбек Нухұлы музей-үйдің ұжымына алғы­сын айта келе, алдағы уақытта жарық көруі тиіс музей-үй жетекшісі Райхан Сахыбекқызымен бірлескен Ахметтану анықтамалығы туралы жобаның да­йындығын пы­сықтады.  

Жүздесу соңында іс-шараға кел­гендерге ғалым өмірін қамтыған кітап сыйға тартылып, ұлт ұстазы портреті алдында естелік суретке түсті.

Әділет АХМЕТҰЛЫ, 

Ахмет Байтұрсынұлы 

музей-үйі 

бөлімінің меңгерушісі