Облыстық маңызы бар Шаян-Екпінді тасжолы бойында Nissan көлігі қарама-қарсы жол бөлігіне шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан Mercedes-Benz 200 автокөлігіне соқтығысқаны анықталды.
Mercedes өртеніп, ішінде болған үш жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.
ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Тиісті сот-сараптамалары тағайындалды. Кінәлі жүргізуші УҰА қамауға алынды.