Семей қаласында идеологиялық тұрғыда ескірген 50-ге жуық көше атауы өзгермек.
Семейде 50-ге жуық көше атауы өзгереді
916
оқылды

«Қазір идеологиялық тұрғыда ескірген және мән-мағынасы жоқ көше атауларын кезең-кезеңімен қайта атау міндеті қойылып отыр. Отырыстың күн тәртібінде осындай 50-ге жуық көшенің атауын өзгерту туралы ұсыныстар қаралды. Жұмыс барысында қайта аталатын көшелерге есімі ел тарихында қалған, Семей өңірінің тарих, мәдениет, әдебиет, спорт секілді салаларына еңбегі сіңген тұлғалардың, Алаш қайраткерлерінің есімдері беріледі», деп хабарлады қала әкімдігінен.

Сондай-ақ мән-мағынасы жоқ қысқа көшелерге бейтарап жер-су аттарын беру мәселесі талқыланды. Есімдерді ұсыну кезінде республикалық ономастикалық комиссиясы бекіткен тарихи тұлғалар тізімі қатаң басшылыққа алынды.