Қарағандыда қоғамдық көлікте болған жағдай көпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Мұнда жолаушы әйел егде жастағы қарияның автобус ішіне байқамай тосабын төгіп алғанына наразы болған. Қарияны қорғап, жердегі сұйықтықты жейдесімен сүрткен бойжеткеннің әрекеті көпті сүйсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шалдың табанын тіліңмен жала – автобуста қарияны қорғаштаған қыз жұрттан сөз естіді
5,652
оқылды

Қария кептеліс кезінде байқаусызда көліктің ішіне тосабын төгіп алған. Бұған ренжіген әйелдер оған қарсы түрлі сөздер айта бастайды. Алайда кадрларда автобус ішіндегі бойжеткеннің қарияны қорғағаны түсіп қалған. 

Ару өзіне ұрысып, “мұны енді кім жинап, сүртеді, неге бала-шағасы қарамаған”,  деген әйелдердің сөзіне намыстанып, еденді өзінің жейдесімен сүртіп алады. 

“Мен сүртемін. Бұлай деуге қалайша дәттеріңіз барады. Сіз де жасыңыз келген адамсыз ғой. Қария байқамай қалды, үлкен кісі емес пе?”, деп ашуланады ару. 

Желі қолданушылары арудың әрекетіне қайран қалып, түрлі пікір жазды. 

«Қандай ақылды қыз, бәріне қарсы шықты!”, “Өмір жолында жақсы адамдар көп болсын!», “Бәріміз бір күні қартаямыз, ата жамандық жасамады”, “Жай ғана тосап төккен”, «Осындай сұлу қыз үшін қыздың ата-анасына бас исек болады”, “Қазір барлық жерде адамдар арасында жеккөрушілік”, – деп жазды желі қолданушылары.