Маңғыстау облысында нөсер жауын салдарынан ауылдарды су басты

Жаңаөзендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені жаңбыр суына төтеп бере алмаған. Спортзалдың шатырынан су сорғалап тұр.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Маңғыстау облысының әр аумағында түсірілген видеолар тарап жатыр, кадрлардан нөсер жаңбырдың салдарын көруге болады. Бұл туралы inaktau.kz хабарлайды.

Мәселен, Жаңаөзендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені жаңбыр суына төтеп бере алмаған. Спортзалдың шатырынан су сорғалап тұр.

Көшелер мен жолдарда жиналған судан жүру мүмкін емес.

Жаңаөзен қаласының әкімдігінен мәлім еткендей, Рахат және Теңге ауылдарын су басқан.

Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер суды сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жағдайға байланысты жұмысты кезекшілікпен және түнгі уақытта жалғастыру жоспарланып отыр.