Қаржы министрлігі «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын әзірледі.
2024 жылы ең төменгі жалақы қанша теңге болады?
4,690
оқылды

Заң жобасын қоғамда талқылау үшін Ашық НҚА сайтына жариялады. 4 қыркүйекке дейін әр азамат талқылап, пікірін айтып, ұсынысын жаза алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Сонымен, жоба бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • ең төменгі жалақы (МВт) – 70 000 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3692 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге.

Жасы бойынша және еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдерін 9,0% арттыру көзделген.

МӘМС төлеуге жататын міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 1,9%-ы болмақ.

Фото: aktobeinfo.kz