Қазіргі уақытта кеншілерге ертерек – 55 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік беретін заңнамаға өзгерістер енгізіліп жатыр
«Зейнет жасы төмендетіледі»: Кімдер 55 жастан бастап зейнетке шығатыны белгілі болды
57,118
оқылды

Қазақстанда енді кеншілер 55 жастан бастап зейнетке шыға алады, – деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Қазақстан» шахтасында апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесуде айтты.

Кездесу барысында кеншілер үшін зейнеткерлік жасты төмендету мәселесі көтерілді.

Премьер-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта кеншілерге ертерек – 55 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатыр.

Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, «Қазақстан» шахтасында жоғалып кеткен және осындағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесті, сондай-ақ әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізді.

Фото: volksfreund.de