Ол бүгін таңертең үйінен шығып кетіп, содан оралмаған.
Павлодарда 10 жасар бала іздестіріліп жатыр
620
оқылды

Павлодарда 10 жасар бала жоғалып кетті. Жеткіншекті іздеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

 

Vita еріктілерінің айтуынша, Евгений Куликов 21 тамыз күні шамамен сағат 09:30-да Екінші Павлодарда Мойылды көшесінде орналасқан үйінен шығып кеткен.

«Оның қай жаққа қарай кеткені белгісіз. Сол күйі үйге оралмады. Бойы – 140 см, көздері қоңыр, шашы ақшыл, дене бітімі жұқаша келген. Сары толстовка, қара қысқа шалбар, қара аяқ киім киген», – дейді еріктілер. 

Еріктілер баланы көрген жандар немесе қайда жүргені туралы бір ақпарат болса, 8 747 615 55 63 (Катерина), 8 777 334 82 01 (Светлана) нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.