Астана әкімдігі 2023-2027 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімін бекітті.
Астана әкімдігі гранттарына ие болған студенттердің тізімі жарияланды
1,266
оқылды

Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 107-1221 қаулысымен 2023-2027 оқу жылдарына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2023-2027 оқу жылдарына Астана қаласының әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 1 084 білім грантын педагогикалық мамандықтар бойынша (дене шынықтыру, шет тілі, география, тарих, педагогика және психология, математика, информатика, орыс тілі мен әдебиеті, физика, химия, биология мұғалімдері), гуманитарлық пәндер бойынша исламтану, дінтану, теология), медициналық (резидентура) бөліп келеді.
ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл жинаған талапкерлер, педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Қазіргі уақытта Астана қаласы әкімдігінің, Астана қаласының Білім басқармасының сайттарында «Жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» 2023 жылғы 19 маусымдағы № 107-1221, «Жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №107-1243 қаулылары жарияланды.


ЖАО мемлекеттік грантын беру туралы

Қосымша 1, 2

Фото: КазУТБ