Түркістан облысында Сырдария өзеніне 11 адам батып кетті

Қазір олардың кім екені және жасы анықталып жатыр.

Түркістан облысында Сырдария суына түскен 11 адам батып кетті.

Оқиға Отырар ауданында болған. Сырдария өзеніндегі автокөлік көпірінің маңында 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кетті.

«Облыстық ТЖД жедел штаб құрып, қауырт желі жұмыс істеп тұр. Нөмірі: 8-7253-357881. Оқиға орнына 144 адам, 16 техника, 6 қайық және дрон жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар, полиция департаменттері, жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр. Бұл – жедел ақпарат және өзгеруі мүмкін», – делінген Түркістан облысы ТЖД таратқан ақпаратта.

Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары әзірге судан 6 мәйітті шығарды.

Қазір олардың кім екені және жасы анықталып жатыр.

Бес адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.